08.10.2026

«Стоп-кредит»: осы шектеуді белгілеу мен оны қолданудың кейбір маңызды сәттері

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Стоп-кредит» қызметі бойынша микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуды белгілеу мүмкіндігі бар екенін еске салады.

«Стоп-кредит» болған жағдайда қаржы ұйымы қарыз беруден бас тартуға міндетті.

Сонымен қатар заңнамада «Стоп-кредит» қолданылмайтын жағдайлар көзделген

«Стоп-кредит» болған жағдайда микрокредит беру мына мақсаттар үшін мүмкін:

  • тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер үшін тікелей сатушыға (өнім берушіге) ақы төлеу;
  • сол микроқаржы ұйымындағы берешекті қайта қаржыландыру;
  • салықтарды, айыппұлдарды және атқарушылық іс жүргізу бойынша берешекті өтеу.

Ломбардтар беретін микрокредиттерге «Стоп-кредит» қолданылмайды.

Егер микрокредит «Стоп-кредит» талаптарын бұза отырып берілсе, қаржы ұйымы заңда көзделген шараларды қабылдауға — қарыз берешегін есептен шығаруға, кредиттік тарихты түзетуге және қарыз алушыдан өндіріп алынған сомаларды қайтаруға міндетті.

«Стоп-кредит» тетігі микроқаржы ұйымы микрокредит беру кезінде сақтауға міндетті өзге талаптарды жоймайды.

Микрокредит алуға өтінім берер алдында ұсынылған ақпаратпен мұқият танысуды, «Стоп-кредит» қызметін қолданудың ерекшеліктері мен шарттарын ескеруді, сондай-ақ микрокредит алуға кедергі келтіретін шектеулердің жоқ екеніне көз жеткізуді ұсынамыз. Сұрақтар туындаған жағдайда электрондық үкімет сайтындағы жеке кабинетте өз мәртебеңізді тексеруді не «ЮНИКРЕДО» МҚҰ ресми сайтында көрсетілген телефон нөмірлері бойынша клиенттерді қолдау қызметіне хабарласуды ұсынамыз.

Пайдалы материалдардың көбін мына сайттан табуға болады:

Fingramota.kz

404 отзыва